NHL клубтарындағы фин легионерлері АҚШ-тан ұшу үшін жеке ұшақты жалға алған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ilta-Sanomat хабарлауынша, ұшақты жалға алу 15 хоккейшіге 100 мың АҚШ долларын құраған.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық хоккей лигасының кезекті чемпионаты коронавирустық індетке байланысты уақытша тоқтатылған, оның қайта басталуының нақты уақыты белгісіз.