"Сьон" клубы басшылығы коронавирус салдарынан жалақыларын төмендетуден бас тартқан ойыншылармен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншыларға жалақыны 12 350 швейцарлық франкке (шамамен 11 723 евро) қысқарту туралы ұсыныс түсті. Кейбір футболшылар мұндай ұсыныстан бас тартты. Жауап ретінде оларға еңбек шартын бұзу туралы хабарлама келді.

Сьон Швейцарияның Лигасында ойнайды. Көптеген чемпионаттар коронавирустық індетке байланысты тоқтатылды.