Әлемде "Ливерпуль" секілді тағдыры ауыр команда жоқ шығар, сірә.

УЕФА президенті Александр Чеферин Еуропадағы чемпионаттарда маусым аяқталмаса да, қазіргі таңда ішкі чемпионаттардың көшін бастап тұрған командаларға алтын жүлде беріледі деген қауесетті жоққа шығарды.

"Біздің мақсатымыз - кез келген чемпионатты аяғына дейін жеткізу. УЕФА бірде-бір лигаға дәл осындай кеңес берген жоқ" - деп мәлімдеді Чеферин.

Айта кетейік, АПЛ бүгін карантин мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты.

"Ливерпуль" соңғы рет ағылшын чемпионатын 1989/1990 маусымда жеңіп алған еді.

2019/2020 маусымда "қызылдар" біріншілік аяқталуға 9 тур қалған кезде екінші орындағы "Манчестер Сити" командасынан 25 ұпай озып келе жатқан еді. Яғни, "Ливерпульдің" чемпион атануы бір-екі турдың мәселесі болатын.