Коронавирус пандемиясына байланысты дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды.

Жаттығу жиындары әйелдер құрамасы үшін 18 наурыз бен 5 сәуір аралығында Алматы облысында орналасқан AIBA спорт кешенінде өтуіс тиіс еді.

Ал ерлер құрамасы үшін 20 наурыз бен 2 сәуір күндері Шымкенттегі "БИІК" спорт базасында өтеді деп жоспарланған болатын.