Коронавирус эпидемиясына байланысты халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық айналымды бір айға ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 10 ақпан күні түнде ресми мәлімдеме жасады. IJF күнтізбесіндегі соңғы өзгертулерде

«Олимпиадалық цикл 30 маусымға дейін созылды;

Құрлықтық жарыстар 30 сәуірге дейін өтпейді;

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы турнирлер 30 сәуірге дейін өтпейді», - делінген.

Айта кетейік, бұған дейін IJF сәуір айында болуы тиіс рейтингілік «Grand Slam» және Гран-при кезеңдерінің өтпейтінін хабарлаған болатын. IJF ережесіне сәйкес Олимпиадалық рейтинг 30 мамырда жабылуы тиіс еді.