«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, қазір «Спортинг» (Лиссабон) клубында доп тебетін Тайнан да Силва Рего «Әлемнің үздік футзалшысы-2019» атағына үміткерлердің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Futsalplanet.com-ға сілтеме жасап.

Басылым дәстүр бойынша жылдың ең үздік ойыншысын анықтайды. Қазақстан құрамасының ойыншысынан бөлек, марапатқа төмендегі футзалшылар да үміткер:

Адольфо Фернандес Диас «Адольфито» («Барселона»), Артем Антошкин («Тюмень»), Энрике-да-Кунья Эльгарт «Ди Мария» («Пато Футзал»), Карлос Вагнер Гуларте «Феррао» («Барселона»), Мехди Джавид («МЭС Сунгун Варзаган»), Леандро Лино Дос Сантос («Магнус Футзал»), Алекс Родриго да Силва Мерлим «Бабалу» («Спортинг»), Дамиан Альварес «Стаццоне» («Сан Лоренсо де Альмагро») және Томоки Йошикава («Нагоя Оушенс»).