Футбол және шағын футбол жаттықтырушысы, ирандық Ахмад Тахери қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тахериге төрт ай бұрын ми ісігін алып тастау операциясы жасалды, маман соның кесірінен иммунитетін әлсіретіп алған.

Тахери Иранның футзал командаларын, атап айтқанда «Банк Техаджарат», «Пейман» и «Эстеглал» жаттықтырған.

Иранда коронавирустық инфекциялардан көз жұмғандар саны 853 адамды құрайды. Жалпы республикада 15 мыңға жуық инфекция жағдайы расталды. Ирандағы барлық спорттық шаралар 20 сәуірге дейін тоқтатылады.

Қытайлық COVID-19 коронавирусының өршуі Қытайда өткен жылдың соңында тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, одан 6,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.