«Рома» футбол клубына жалға берілген «Арсенал» ойыншысы Генрих Мхитарян жазда толық қанды «Рома» ойыншысы атануы мүмкін. 31 жастағы армениялық футболшы италиялық команда сапында 17 матчта 6 гол соққан. «Романың» бас бапкері футболшыны командада сақтап қалуға барын салмақ. Мхитарянның қазіргі нарықтағы бағасы 25 миллион еуроны құрайды.