Ресей Федерациясының спорт министрлігі коронавирус пандемиясына байланысты барлық спорттық халықаралық жарыстарды өткізбейтін болды.

Министрлік 16 наурыздан бастап Ресей аумағында өтетін барлық халықаралық жарыстарды, шетелден келетін спортышлар қатысатын іс-шараларды өткізбеуге шешім қабылдады. Осылайша ҚХЛ мен футболдан Ресей Премьер-лигасы уақытша тоқтатылатын болады.