Маврика аралында триатлоннан Африка кубогі өтті. Турнирде Қазақстан командасы да бақ сынады деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Дарын Қонысбаев жетінші, Александр Автушко 12-орыннан көрінді.
Бұл бәсекеде германиялық Валентин Вернц жеңіске жетті. Екінші орында оның отандасы Йонас Брейнлингер. Үздік үштікті сербиялық Огнен Стоянович тұйықтаған.
Комментарии