УЕФА Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz Soccer News сайтына сілтеме жасап.

«Базель» клубының жартылай қорғаушысы Самуэле Кампо «Айнтрахт» (3:0) қақпасына гол соғып, әрі нәтижелі паспен көзге түсіп, аптаның айтулы ойыншысына айналды.

Швейцариялық футболшыдан бөлек, Маркос Антонио («Шахтёр»), Одион Игало («Манчестер Юнайтед») және Чарлес Арангис («Байер») сынды ойыншылар осы атаққа үміткер болды.