Мадейраның Денсаулық сақтау министрі Педро Рамош «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду туралы денсаулық туралы ақпараттарды жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Роналду Италиядан бірнеше күн бұрын кетіп қалған еді. Оның оқшаулануы Мадейраға келмей тұрып-ақ басталды. Роналду және оның отбасы мүшелерінен коронавирус белгілері табылмады», - деді Рамош.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Ювентус» қорғаушысы Даниэле Руганидың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.