Ұлттық хоккей лигасы (NHL) өзінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты кезекті маусымның тоқтатылатыны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін барлық командалар таңертеңгі жаттығуға шыққан жоқ.

Сәрсенбіде ҰБА лигасының екі баскетболшысы коронавирус жұқтырғандықтан, кезекті маусымды уақытша тоқтатқаны белгілі болды. Сол күні ҰХЛ мұндай қадамға бармайтыны туралы мәлімдеме жасады, бірақ кейіннен шешім өзгерді.