«Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының плей-офф кезеңіндегі кезекті екі матчын көрерменсіз өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты жаппай спорттық және ойын-сауық шараларына тыйым салу туралы заң күшіне енеді.

Сол себепті, 17 және 19 наурызға жоспарланған «Барыс» - «Сибирь» матчы жанкүйерлердің қолдауынсыз өтеді. Клуб билеттерді сатуды тоқтатты.