Көкшелік «Оқжетпес» бапкері Андрей Карпович осы маусымнан бері өз күшіне енген «ЕАЭО спортшылары» жайлы заң туралы өз ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Неліктен «Оқжетпес» ЕАЭО құрамына кіретін елдерден төрт футболшы ғана қатарына қосты?

- «Астана» немесе «Ордабасы» секілді бюджет жағынан мүмкіншілігіміз мол емес. Біз қызыққан, командамызды нығайта алатын ресейлік, беларусь немесе армян футболшыларды сатып алу үшін біздің қалтамыз көтермейді. Сапаны емес, футболшы санын көбейту үшін көлдеңен көк аттыны клубқа шақыра беру - дұрыс емес шешім. Егер шетелдік бір ойыншының деңгейі жергілікті ойыншымен бірдей болса, біз өзіміздің ойыншыға мүмкіндік береміз.

Өз футболшыларымыздың жолын ашып, мүмкіндік беріп, оларға біз көңіл бұрмасақ, басқа кім оларды жарылқайды? Өз футболымызды ойлау керек. Алаңға шетелдіктерді ғана шығарсақ, біздің болашақ не болмақ? Онда біріншілігіміздің атауын «ЕАЭО және әлем чемпионаты» деп ауыстырайық. Менің түсінігімде қазақстандық бапкерлер турнирлік мақсатпен қатар, бір-екі жылда Ұлттық құрамаға футболшы дайындап беруім керек деген өзіңе міндет қою керек. Жергілікті жас таланттың бағын ашу керек. Шетелдік бапкер оны ойламайды, оның үстіне олар оған міндетті де емес. Ешкімге ақыл айтайын деген ойым жоқ. Тек қана өз түсінігімді айттым.