«Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов үшін Премьер-лиганың 21-турындағы «Оқжетпеске» (5-0) қарсы кездесуі мерекелі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Покатилов алматылық командаға 2016 жылы жалға қосылған еді. Алайда көп ұзамай ол клубпен толыққанды ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Содан бері Покатилов алматылықтардың негізгі қақпашысы атанды.

Бүгін «сары-қаралардың» қақпашысы клуб үшін өзінің 100-ші матчын өткізді.