Ресейлік файтер Расул Мирзаевтің сынған жағына аман-есен ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Мирзаев Алматыда өткен AСA 105 турнирі аясында қазақстандық Арман Оспановпен жекпе-жекте жеңілген еді. Бірінші раундта нокаутқа түскен еді.

«Расул жақ сүйегіне операция жасады. Бәрі ойдағыдай өтті», - деді Мирзаев командасының өкілі.