Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт ісі бойынша комитетінің баспасөз қызметкері Раухан Тұғымбаева еліміздегі барлық спорттық іс-шаралардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

– Коронавирусқа байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылды. Бұл шетелге оқу-жаттығу жиынына не халықаралық жарыстарға баратын барлық ұлттық құрамаларға байланысты. Уақытша шектеу алғашқы жартыжылдыққа жоспарланған, - дейді ол.