11 наурыз күні Бельгияның Ломмел қаласында таеквондодан рейтингтік "Belgian Open G-2" жарысы басталады.

Аталған додаға Қазақстан құрамасынан 13 спортшы қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілген ұпай сандары Олимпиадалық рейтингке қосылады.

"Belgian Open G-2" турниріне қатысатындар: Елдос Ысқақ, Әлімжан Серікбаев, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Абдусамат Лес, Нұрқанат Қожахмет, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділхан, Смайыл Дүйсебай, Руслан Жапаров, Денис Жансель, Самат Темірхан.