Алматыда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел чемпионаты «Медеу» мұз айдынында өтуі тиіс еді. Алайда көктемнің жылы болуына байланысты біріншілік Нұр-Сұлтандағы «Алау» мұз кешеніне ауыстырылды.

Айта кетейік, конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты 11-13 наурыз арасында өтеді.