Красноярскте шаңғы акробатикасынан әлем кубогінің кезеңі аяқталды. Olympic.kz назарларыңызға қазақстандық срортшылардың нәтижесін ұсынады.

Әйелдер арасында ең үздік көрсеткішке Ақмаржан Қалмұрзаева қол жеткізді. Ол 77,72 ұпай жинап, 9-шы орыннан көрінді. Тағы бір қазақстандық спортшы Аяна Жолдас 15-і орынға жайғасты.

Ал ерлер арасында 93,06 ұпай жинаған Шерзод Хаширбаев 15-ші орынды қанағат тұтты.