Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған сында өзге елдің атынан өнер көрсетіп жүрген екі этникалық қазақ Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Атап айтқанда, 63 келі салмақта Өзбекстан құрамасының өкілі этникалық қазақ Элнур Абдурамов Олимпиада ойындарына барады.

Сонымен қатар, тағы бір этникалық қазақ спортшысы Тоқтарбек Таңатқанұлы (75 келі) Қытай құрамасы сапында Токиода өтетін ойындарға жолдама жеңіп алды.