«Барыстың» баспасөз қызметі ҚХЛ плэй-офф кезеңіндегі «Металлургке» қарсы матчтан кейін журналистерді киім ауыстыратын бөлмеге кіргізбеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Қазақстандық клуб бұл шешімнің коронавирус эпидемиясынан сақтану үшін қабылданғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, «Барыс» плэй-офф кезеңінде «Металлургпен» бесінші матчын өткізіп, 5:2 есебімен жеңген болатын. Осылайша, елордалық клуб серияда 4:1 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының ширек финалына өткен еді.

«Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты

«Барыс» - «Металлург» матчына бейнешолу