«Журналистерді кіргізбеді». «Барыс» коронавирустан сақтанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барыстың» баспасөз қызметі ҚХЛ плэй-офф кезеңіндегі «Металлургке» қарсы матчтан кейін журналистерді киім ауыстыратын бөлмеге кіргізбеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
Қазақстандық клуб бұл шешімнің коронавирус эпидемиясынан сақтану үшін қабылданғанын мәлімдеді.
Естеріңізге салсақ, «Барыс» плэй-офф кезеңінде «Металлургпен» бесінші матчын өткізіп, 5:2 есебімен жеңген болатын. Осылайша, елордалық клуб серияда 4:1 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының ширек финалына өткен еді.