«Астананың» жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу Румыния құрамасының кеңейтілген тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Румыния құрамасы 26 наурызда 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуі кезеңінің жартылай финалында Исландиямен кездеседі.

Румындардың бас бапкері Мирел Рэдой кеңейтілген тізімге енген 26 футболшының есімін атады. Олардың қатарында Ротариу де бар.

24 жастағы футболшы Румания құрамасы сапында 10 матч өткізіп, бір гол соққан.

«Астана» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады