Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 наурызда қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Жас әлем чемпионы Бекзат ширек финалда тәжік боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етті.

Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов та Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, бүгін күндігі сессияда Василий Левит (91 келі) те өнер көрсетеді.