Қазақстандық боксшы Василий Левит Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турниріндегі алғашқы қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

91 келі салмақта турнирдің бірінші нөмірі Левит жарысты ширек финалдан бастайды: ол алдын-ала раундта моңғолдық Эрденебаяр Сандагсуреннен мықты болған тәжік боксшысы Давлат Болтаевқа қарсы шаршы алаңға шығады. Ширек финалдық жекпе-жек 8 наурызда таңертеңгі сессияда өтеді.

Василий Левит - 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте қола жүлдегері (2017, 2019) және Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017).