Қазақстандық боксшы Аман Қазанқапов (1-0-1) келесі жекпе-жегінің өтеттін күні мен қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 наурызда Монреалда (Канада) Қазанқапов мексикалық Хулио Орнеласпен (1-0, 1 КО) жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді және төрт раундқа жоспарланған.

Бұл оның кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі болады. Қазанқапов алдыңғы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазанқапов әуесқой бокстан жастар арасындағы 2016 жылғы Азия чемпионы.