Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (8-0, 3 КО) өзінің кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұртас Әжбенов Дубайда өтетін бокс кешінде 29 жастағы филиппиндік Джей-Ар Магбумен (18-4-2, 9 КО) жұдырықтасады. Star Boy лақап атымен танымал Магбу соңғы жекпе-жегін 30 қараша күні Циндаода (ҚХР) өткізді. Жеңіл салмақтағы WBO Global вакантты титулы үшін болған кездесуде қытайлық Ян Янцяннан жеңіліп қалды.

Әжбенов пен Магбу арасындағы жекпе-жек Rotunda Rumble 3 шоуы аясында өтпек.