Британиялық боксшы Тайсон Фьюри This Morning шоуында қонақ болып, мансабын аяқтау туралы мәлімдеме жасады.

31 жастағы боксшы Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізіп, артынша отандасы Энтони Джошуамен жұдырықтасқысы келеді.

– Әлі екі жекпе-жегім бар. Содан кейін ары қарай не істейтінімді ойлану керек. 31 жекпе-жек бойы ұтылмай келемін, ал кәсіпқой мансабым 12 жылдан асты.

Ауыр салмақта теңдессіз чемпион атандым. Кличконы жеңген соң барлық белбеулерді алдым. Энтони Джошуамен мансабымның соңында жұдырықтасамын деп ойлаймын, - дейді.