Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) Дубайдағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жан Кособуцкий ганалық боксшы Абрахам Табулмен (17-3-1, 14 КО) жұдырықтасады. Кеше түнде боксшылар салмақ өлшеді.

Айта кетейік, отандасымыз соңғы жекпе-жегінде хорватиялық Агрон Смакичиді бірінші раундта нокаутпен жеңіп, ауыр салмақта IBO Inter-continental титулын иеленді.