Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Корея боксшысын бірауыздан жеңіп, Иордания астанасында өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта қазақстандық спортшы қарсыластың барлық шабуылдарын тоқтатып, джебпен көп жұмыс істеді.