Италиялық жартылай қорғаушы Даниеле Де Росси «Рома» клубына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

36 жастағы Де Росси биыл жыл басында футболшы мансабын аяқтаған болатын. Ол енді өзі 19 жыл бойы доп тепкен «Ромаға» оралуға жақын. Римдік клубтың басшылары оған жасөспірімдер жаттықтырушысы қызметін ұсынып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Де Росси бүкіл мансабын «Рома» командасында өткізіп (2000-2019), өткен жылы ғана «Бока Хуниорсқа» ауысқан болатын. Мансабын дәл осы аргентиналық клуб сапында аяқтады.