Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтпейтін болды.

Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады деп күтілген.

Алайда, 6 наурыз күні басталуы тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді.

Айта кетелік, әлемнің 77 мемлекетіне таралған коронавирус инфекциясынан соң Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салынды.