Қазақстандық теннисші Зарина Диястың Монтеррейдегі жарысқа неге қатыспайтындығы жайлы белгілі болды. Спортшының менеджерінің айтуынша Заринаның жарысқа қатыспауының басты себебі білек жарақатынан толық айықпағандығына байланысты. Бастапқыда Зарина Дияс 3 наурызда жарыстың бірінші айналымында чехиялық Мари Бузковаға қарсы ойнауы керек еді.