Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында 60 келі салмақта дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы Римма Волосенко алғашқы айналымда сүрінді.

27 жастағы отандасымыз үнді спортшысы Симранджит Каур Бааттан жеңіліп қалды.

Бұған дейін тағы бір бұрымды боксшымыз Дәметкен Келімбет жарыс жолынан шығып қалған болатын.