Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия/Мұхит елдері аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.

Шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

4 наурыз күні Қазақстан әйелдер командасының екі өкілі жұдырықтасады. 57 келідегі Дәметкен Келімбет қытайлық Инь Юнхуамен кездессе, 60 келідегі Римма Волосенко үндістандық Бац Симранжит Каурмен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия жекпе-жектері Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Қазақстан ерлер командасы іріктеу турнирін 5 наурызда бастайды.