Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі басталды.

Өкінішке қарай, әйелдер арасында 57 келіде сынға түскен Дәметкен Келімбет қытайлық қарсыласынан 0:5 есебімен ұтылды. Осылайша, Ерік Алғабек шәкірті жолдама үшін таласты тоқтатты.

Бүгін 60 келідегі әлем чемпионатының жүлдегері Римма Волосенко сынға түседі.