2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары белгіленген уақытта – 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мәлімдеді.

ХОК коронавирус індетіне қарсы тұру шараларын талқылай келе, осындай шешім қабылдады. Комитет жарысқа қатысатын барлық спортшыларды дайындықты жалғастыра беруге шақырды.

Айта кетейік, бірқатар елдер Олимпиаданы өткізуді жыл соңына қалдыруды ұсынған. Бірақ бұл шешімді тек ХОК қабылдайды.

Жапония билігінің өзі Олимпиадаға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан. Дайындыққа 12 млрд доллар бөлініп қойған.

Бұған дейін, Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған.

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін