Токиодағы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты 2020 жылдың соңында өтуі мүмкін.

Жапонияның конькимен жүгіру спортының федерациясының басшысы Сейко Хасимотоның айтуынша ХОК-пен Жапония арасындағы келісім бойынша Олимпиада ойындарын кейінге шегеруге мүмкіндік бар. Токиодағы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс. Соңғы деректерге сүйенсек Жапониядағы коронавирус жұқтырғандар саны 980 адамға жеткен. Осыған дейін Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екендігі айтылған. Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін