Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17KO) және өзбекстандық Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаров (8-1, 5КО) Nauryz Fight Night бокс кешінде жұдырықтасатын қарсыластарының есімдерін білді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы MTK Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген панамалық Александер Дюранмен (20-0, 7 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте отандасымыз WBO Inter-Continental белдігін қорғайды. Дюран бұған дейінгі барлық кездесулерін өз отанында өткізген.

Фазлиддин Гаибназаров Алматыда ирландиялық Дарэг Фолеймен (18-4, 9 КО) кездеседі.

Осы кеш аясында қазақстандық боксшылар Абай Төлеш (5-0, 3КО), Али Балоев (9-0, 7КО), Абылхайыр Шегалиев (8-0, 4КО) өнер көрсетеді. Сонымен қатар Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

Айта кетейік, Nauryz Fight Night бокс кеші 28 наурызда Алматыда өтеді.