"MTK Global" компаниясы Алматыда өтетін бокс кешіне қатысатын тағы бір жұпты таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші жеңіл салмақта пәкістандық Мухаммад Васим (10-1, 7КО) британ боксшысы Райан Фаррагпен (20-4, 5КО) кездеседі.

Васим 2018 жылы жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына үміткер болғанымен, шешуші жекпе-жекте ұтылып қалған еді.

Алматыдағы бокс кеші 28 наурыз күні өтеді.