Қазақстандық спортшылар Плайя Эрмосада (Коста Рика) өткен құрлықтық панамерика кубогына қатысты.Ерлер арасында өткен додаға 20 астам елден 69 кәсіби спортшы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Темірлан Теміров 1:00:17 нәтижесімен үздік ондыққа ілінді. Ал Мейрлан Ысқақов одан 36 секундтан кейін мәреге жетіп, 15-ші орын алды. Аян Бейсенбаев болса техникалық себептерге байланысты мәреге жете алмады. Ерлер арасында АҚШ спортшысы Джейсон Уэст (58 мин. 57 сек.) жеңімпаз атанды. Арам Мишель Пеньафлор Мойсен (59 мин. 05 сек.) күміс, колумбиялық спортшы Карлос Хавьер Квинчара Фореро (59 мин. 19 сек.) қола жүлдегер атанды.