Су добынан Ресей Суперлигасының 12-турында қазақстандық «Астана» командасы «Балтикаға» есе жіберді.

«Балтика» 11:8 (3-2, 2-1, 3-0, 3-5) есебімен басымдық танытты. Төрт кезеңнің үшеуінде ресейлік команда жеңген. Екі команда арасындағы екінші кездесу 1-наурызда өтеді.