Аңызға айналған рок-музыкант Джон Бон Джовидің айтуынша, мюнхендік «Бавария» футболшылары Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матч алдында виски ішкен. Ағылшындық «Челсимен» өткен кездесу неміс клубының жеңісімен (3:0) аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бон Джовидің айтуынша, ол Лондонда бавариялық футболшылармен бір қонақ үйде болған. Сонымен қатар, рокердің айтуынша, алкоголь олардың матчқа дайындалуына кедергі келтірмеген.«Мен өз шаруаммен барда отырдым, матч алдындағы кеште «Бавария »ойыншылары да сол жерде болды. Олар виски мен сыра ішті.

Баварияның жігіттері виски ұрттап, сыраны да сімірді. Ой, менің сөздерімнен кейін біреулерге проблема туындап жүрмесін», - деді музыкант talkSPORT сайтында.