Исламбек Қуаттың жаңа командасы «Оренбург» Ресей Премьер-лигасының кезекті матчында «Крылья Советов» клубымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Казахстандық футболшы бүгінгі ойында негізгі құраммен шығады. Ойын Нұр-Cұлтан уақытымен 21:30-да басталады.

«Қайраттың» экс-ойыншысы ұшін бұл матч дебюттік саналады. Ол ресейлік клубқа 1 қаңтарда еркін агент ретінде ауысты.