Кеше Семей халқы екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсановты әуежайдан күтіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Данияр Қайсанов жуырда Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен. Шешуші белдесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, алдыңғы аптада Данияр ресми түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Оның қарсыласының қанынан допинг табылған.