Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталатын күн жақын.

Бүгін кілемге еркін күрес шеберлері шықты деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстан командасы сапынан бес балуан қолаға таласады.

Атап айтар болсақ, Нұрислам Санаев (57 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Мейіржан Әшіров (70 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі) және Әлішер Ерғали (97 келі) үшінші орын үшін күреседі.