Еркін күрестен Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте жоғарылады деп жазады Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

74 келіде сынға түсетін Қайсанов жақында Италияда өткен рейтингілік турнирде қола жүлдегер атанған еді. Бұл Даниярға қосымша 12 ұпай сыйлады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз салмағында рейтингтің үшінші сатысынан орын алды. Данияр Қайсановтың еншісінде 12 ұпай бар. Сондай-ақ, бұл салмақта ресейлік Заурбек Сидаков 60 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында италиялық Франк Чемизо (42 ұпай).