Дохада (Катар) стенд атудан халықаралық Qatar Open in Shutgan жарысы өтті. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Қазақстандық спортшылар Анастасия Молчанова мен Александр Ещенко "Cкит" жаттығуы бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша халықаралық дуэт Францсика Кроветто (Чили) мен Николас Пачеко (Перу) жеңімпаз атанды. Әзірбайжандық Эмин мен Нұрлан Джафаровтар қоланы қанағат тұтты.